«Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді».

«С.А.Маркетинг» жауапкершеілігі  шектеулі серіктестігі

 

«С.А.Маркетинг» жауапкершеілігі  шектеулі серіктестігінің баланысдағы

«Көктерек» су көзі бұлағы Оңтүстік Қазақстан облысы,Төлеби ауданына қарасыты  Алатау ауыл округі аумағында орналасқан.

«Көктерек» су көзі бұлағы ОҚО Әкімшілік басқару орталығынан,яғни  Шымкент қаласының шығыс бөлігіне қарай 47 км алшақтықта  жатқан нысан.

Жалпы жер көлемі – 11,0 гектар.

            «Көктерек» су көзі бұлағы-Алатау  елді мекеніндегі сай  жырадағы  бұлақ  көздерінен дренаждық құбырлармен тартылған су топтамасы.Су жиналатын  каптаж-резервуар  көлемі  𝗩=30 м3.

«Көктерек» су көзі бұлағының инженерлік су жүйелері және орталық  су құбырлары өткен ғасырдың 1953-1956 жылдары салынған.

«Көктерек» су көзі бұлағы арнайы қорғалатын санитарлық белдеуі бар,қоршалған.

Қазақстан Республикасындағы арнайы су пайдалануға берілген рұқсат  «27» қазан 2017 жыл №275 сериясы ОҚО.

«С.А.Маркетинг» жауапкершеілігі шектеулі  серіктестігі Жаңа-Ұйым, Момынай, Аққұм,Шахта-Тоғыс елді мекендері мен Леңгер қаласының шығыс бөлігін,»Север» мөлтек ауданын ауыз сумен тәулік бойы үздіксіз қамтамасыз етеді.

«Көктерек» су көзі бұлағынан шығатын орталық су құбырының жалпы ұзындығы каптаж-резервуардан шыққан D=400 мм дренаж су құбыр залалсыздандыру (хлорлау) ғимараты жанындағы тежеу (гаситель) құдығына тоғысады да  залалсыздандырып  хлорланады,ара қашықтығы -700 метр.

Тежеу құдығынан екі бағытта  D=200 мм, D=250 мм шойын құбыр  шыққан,оның бірі D=250 мм шойын құбыр Көктерек-Леңгер бағытында, қашықтығы-15 км, ал екіншісі D=200 мм  шойын құбыр  Көктерек-Шахта-Тоғыс бағытында,қашықтығы-18 км.Төлеби  ауданы таулы қыратты оймақ, соның  салдарынан құбырлар  өтетін жер қыртыстары ойнымалы биік төмпешіктер,сай жыралар болғандықтан шойын құбырлар бойына әр 200-250 метрде ауа шығаратын вантус қойылған.